ҚОҒАМ
Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі ел аумағына бағытталған кезекті әуе шабуылының беті қайтарылғанын хабарлады. Қауіпсіздік мақсатында елдің әуе кеңістігі уақытша шектелді, – деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Emirates News Agency ресми мемлекеттік ведомствосына сілтеме жасай отырып, БАӘ өз әуе кеңістігін толықтай жапқанын хабарлады. Бұл шаралар уақытша сипатқа ие және азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Елдің Қорғаныс министрлігі «X» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеме жасап, қала тұрғындары естіген жарылыс дыбыстары Әуе қорғанысы күштері жұмысына қатысты екенін түсіндірді.
«Естілген дыбыстар — Әуе Қорғанысы Күштерінің зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын аспанда атып түсіруі мен ұстау сәтінің нәтижесі», — делінген хабарламада.
Министрлік жағдайдың толық бақылауда екенін және нысаналардың жойылғанын айтып, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.
Сарапшылар бұл жағдайды Таяу Шығыстағы жалпы әскери шиеленістің өршуімен байланыстырады. Әскери операциялар басталғалы бері аймақтағы мұнай танкерлеріне, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің мекемелеріне жасалатын шабуылдар жиілеп кеткен. Соңғы кездері мұндай нысаналардың қатарына БАӘ аумағындағы стратегиялық нысандар да кіреді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы нақты ақпарат жарияланбады. Билік жағдай тұрақталған бойда әуе қатынасының қайта ашылатынын мәлімдеді.