ҚОҒАМ
Алматыда Санжар Боқаев ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Бұл туралы Қазақстанның Бас Прокуратурасы мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Санжар Боқаевтың әлеуметтік желісінен
ҚР Бас Прокуратурасының мәліметінше, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128–131 баптары негізінде қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу нұсқасы бойынша күдікті Санжар Боқаев қоғамда жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде саябақтардағы ағаштарды заңсыз кесу мен нысандардағы ұрлық туралы бейнематериалдар таратқан деп есептеледі. Ол аталған құқық бұзушылықтарды ұйымдастырып, қаржыландырды, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен тұлғаларды ақылы негізде заңсыз әрекеттерге тартты деген күдікке ілінді. Сондай-ақ оған аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен иемденді деген айып тағылуда.
Бас прокуратура ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу бойынша ақпар, Санжар Боқаевтың және оның қорғаушыларының ұстанымы ресми түрде ұсынылған жоқ.