Bugin

Қанат Бозымбаев су тасқынына бөлінген 49 миллиард теңгенің жұмсалуына қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 49 миллиард теңгенің жұмсалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, бұл қаражат тек шұғыл жағдайларға емес, алдын алу жұмыстары мен инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған. Вице-премьер бюджет қаражатының мақсатты игерілуі қатаң бақылауда екенін атап өтті.

«Жоспарланған іс-шаралар өте көп. Біріншіден, гидротехникалық құрылыстарға кешенді тексеру жүргізіледі. Бұған әртүрлі деңгейдегі бөгеттер мен су қоймаларындағы су өткізу нысандары кіреді. Кейінгі су қоймаларының өзіне 30 жыл болған, ал ескілерінің қолданыста болғанына – 50-70 жыл. Сол себепті мұндай кешенді тексеру, күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары көп қаржыны талап етеді. Бұдан бөлек 2024 жыл су тасқындарына жеткілікті деңгейде дайын болмағанымызды айқын көрсетті», – деді вице-премьер.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев аймақтардағы су тасқынымен күрес жұмыстарының белсенді жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.