Bugin
Иранның Жоғары Көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің әскери кеңесшісі, Ислам революциясы Сақшылар корпусының экс-қолбасшысы және қазіргі уақытта Мақсаттылық кеңесінің мүшесі Мохсен Резаи Ирандағы соғысты тоқтатуға қатысты ресми Иранның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: index.hu
Иран билігі соғысты тоқтату үшін өздерінің басты шарттарын ұсынды. Мохсен Резаи IRINN мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында ресми Тегеранның ұстанымын нақтылады. Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.
Мохсен Резаидың айтуынша, соғыс үш талап орындалмайынша жалғасады. Біріншіден, Иранға келтірілген барлық залал толық өтелуі керек. Екіншіден, елге қатысты барлық экономикалық санкция алынып тасталуы тиіс. Үшіншіден, АҚШ Иранның ішкі ісіне араласпайтынына нақты кепілдік беруі қажет.
«Бұл – біздің халқымыздың, көшбасшымыздың және қарулы күштердің шешімі», – деді Мохсен Резаи.
Ирандық саясаткер Резаи Вашингтонның 47 жылдан бері жалғасып келе жатқан экономикалық шектеулерін сынға алды. Ол АҚШ-тың мақсаты тек экономиканы әлсірету емес, елді бес бөлікке бөліп тастау екенін ашық мәлімдеді.
«АҚШ Бушер, Хузестан және Илам провинцияларын Венесуэла сияқты мұнай қорларымен бірге иемденгісі келеді», – деді Жоғары Көшбасшысының әскери кеңесшісі.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль коалициясы Иранның стратегиялық нысандарына жаппай әуе соққысын жасады. Иран тарапы бұған жауап ретінде Израиль аумағы мен Парсы шығанағындағы американдық базаларды зымыранмен атқылады. Қазіргі уақытта аймақ елдері қауіпсіздік мақсатында әуе кеңістігін толықтай жауып тастады.