ҚОҒАМ
Қазақстанда көктемгі су тасқынының алдын алу бағытындағы кешенді іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Ел бойынша гидрологиялық ахуал жіті қадағаланып, қауіп-қатерді азайту мақсатында тиісті бақылау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Gov.kz
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында арнайы жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды.
Мамандар өзен арналарында мұз кептелісін болдырмау үшін барлығы 191 жарылыс жасады. Сонымен қатар 31 560 метр мұз кесіліп, жалпы ауданы 561 мың шаршы метрді құрайтын су айдындары өңделді. Бұл шаралар тасқын қаупін сейілтіп, судың еркін ағуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Фото: Gov.kz