ДАМУ
Астана қаласында өткен геологиялық форумда «Қашаған» кен орнымен деңгейлес жаңа мұнай нысаны табылғанын «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев растады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Оның мәлімдеуінше, барлау жұмыстарының басым бөлігі «Жылыой карбонат платформасына» бағытталған. Бұл аймаққа Қаратон, Қажығали және Жылыой сияқты ірі учаскелер кіреді.
– Ашылған Қаратон, Қажығали және «Жылыой карбонатты массиві» «Қашаған» кен орнының құрылымын қайталайды. Массивтің ресурстық әлеуеті – 4,7 миллиард тонна. Бұл Қашағанның геологиялық әлеуетімен шамалас. Десе де, Қашаған таяз теңіз аймағында орналасқандықтан, үлкен капиталдық шығынды талап етеді. Ал бұл массив құрлықта орналасқан. Осылайша, капиталдық шығын едәуір төмендейді, – деді Құрманғазы Есқазиев.
Мамандар Жылыой карбонатты массивінің әлеуетін 20 миллиард тонна шартты отынға балап отыр. Қаратон учаскесіндегі барлау жұмыстары да нәтижесіз емес: 5750 метр тереңдікке дейін қазылған ұңғыма оң көрсеткіш беріп, тағы 5 бірдей перспективалы нысанды анықтауға мүмкіндік берді.
Компания өкілінің мәлімдеуінше, «Қаратон» учаскесіндегі сәтті көрсеткіштерден кейін барлау жұмыстарын «Қажығали» нысанында кеңейту жоспарлануда. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша тиісті келіссөздер жүріп жатыр. Айта кетерлігі, бұл жоба қолданыстағы өнімді бөлу туралы келісімдерден тыс, дербес негізде жүзеге асырылады. Стратегиялық серіктес ретінде өзге де компаниялармен қатар «Татнефть» кәсіпорнын тарту қарастырылуда.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61