ҚОҒАМ

Өзбекстан кәсіпорындарымен келісім негізінде елге арзан бағамен азық-түлік жеткізілмек

Үкіметте Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға мәселесі талқыланды. Жиын барысында негізгі өнімдердің құнын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайы айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Үкімет

Наурыз айында азық-түлік инфляциясы 1%-ға төмендеп, 11,7% деңгейінде тұрақталды. Әсіресе, сәуірдің басында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өспеген. Статистика халық ең көп тұтынатын өнімдердің арзандап жатқанын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, қияр бағасы бірден 9,7%-ға, пияз 2,3%-ға, ал қырыққабат 1,7%-ға арзандады. Бұдан бөлек, балық, ұн және өсімдік майының да құны төмендегені байқалады. Бұл көрсеткіштер нарықтағы бағаның бақылауда екенін және маусымаралық тұрақтылықтың орнағанын дәлелдейді.

Бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін Мал шаруашылығы одағымен жасалатын жаңа келісім ішкі нарықтағы ет бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл болмақ. Негізгі басымдық — дүкен сөрелеріндегі ет өнімдерінің қолжетімділігін жыл соңына дейін сақтап тұру. Көкөніс бағасына келер болсақ, сыртқы нарықтармен, атап айтқанда Өзбекстанмен тікелей байланыс орнатуды жүзеге асырмақ. Сауда және интеграция министрлігі бастаған делегацияның Өзбекстанға сапары маусымаралық кезеңдегі баға өзгерісін төмендетіп, тұтынушылар үшін тиімді ұсыныстар жасауға бағытталған.

Қазақстандық делегацияның Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында Сурхандария облысының жетекші агро-кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіліп, ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар өнімдер жеткізуді ұлғайту туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Көршілес елдегі өнімді өсіру, сақтау және буып-түю процестерімен танысқан мамандар өзбек көкөністерінің жоғары сапасын атап өтіп, оларды отандық стандарттарға сәйкестендіру үшін қосымша іріктеу қажеттігін белгіледі. Нәтижесінде, логистикалық шығындарды есепке алғанның өзінде, еліміздегі көтерме бағадан арзан құнмен 1,4 мың тонна сәбіз бен 400 тонна қырыққабатты пилоттық негізде жеткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тараптар екіжақты тауар айналымын одан әрі кеңейту және импортқа қажетті тауарлардың нақты тізімін жасау арқылы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға келісті.

 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61