ҚОҒАМ

ҚР Ұлттық банкі «FIFA World Cup 2026» монеталарын сатылымға шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясы негізінде FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ұлттық банк

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монетасы әзірленгенде немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясы серіктес болды. Оның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға FIFA берген ресми лицензиясы бар. Бұл – футбол тарихындағы ХХІІІ чемпионат және алғаш рет үш елде қатар өтеді. Оның үстіне, ақтық ойындарға қатысатын ұлттық құрамалардың саны 48-ге дейін ұлғайтылып отыр. Монета реверсінің жоғарғы бөлігінде финалдық ойындарды қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің жалауы бейнеленген. Ортасында жер шары континенттері мен "FIFA WORLD CUP 26 TM" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде FIFA-ның Әлем кубогы бейнеленген. Ал футбол добы кескінделген композицияның екі жағында футболшылардың бейнесін көруге болады, – делінген банк хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық банкі жоғары сапалы 925 сынамалы күмістен соғылған, номиналы 1000 теңгелік жаңа монетасын таныстырды. Салмағы 20 грамм, диаметрі 37 мм болатын бұл туынды «proof» сапасымен дайындалып, алтын жалату және түрлі түсті баспа технологияларымен әрленген. Монетаның жалпы таралымы шектеулі — небәрі 2000 дана. Оның 1500-і отандық коллекционерлерге бұйырса, қалған 500 данасы MDM нумизматикалық компаниясы арқылы халықаралық нарыққа жол тартады.

Шығарылған коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды төлем құралы мәртебесіне ие. Олар номиналды құнына сәйкес төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға, банк шоттарына есепке алынуға, сондай-ақ барлық қаржы институттарында шектеусіз ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша беріледі.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61