ҚОҒАМ

Яна Легкодимованы өлтіргендер жазасын өтеуге «Қара бүркіт» түрмесіне әлі жіберілмеген

Яна Легкодимованы өлтірген Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында екені белгілі болды. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» газеті жазды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қылмыстық-атқару жүйесінің аймақтық бөлімшесінен алынған мәліметке сүйенсек, сотталғандардың тиісті жазасын өтеу колонияларына тасымалдануы әлі жүзеге асырылмаған.

«Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар қазір Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында отыр. Оларды колонияға жеткізу үшін Ұлттық ұлан арнайы қарауыл бөлуге тиіс. Өз тарапымыздан өтініш жолдадық», – деген Атырау облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Азамат Ізтлеуов.

2024 жылдың қазан айында орын алған қатыгез қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың нақты қашан колонияға ауыстырылатыны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, 23 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты тергеу кезінде Яна Легкодимованың күнделігі басты айғаққа айналған болатын. Жазбадағы деректер арқылы полиция 24 жастағы Р. Хайржанов пен 25 жастағы А. Қамитовті құрықтады. Қылмыс көлік ішінде жасалған, Хайржанов Р. бойжеткенді буындырса, Қамитов А. оның қашып құтылуына жол бермей, есікті бекітіп тұрған. Кейіннен қылмыскерлер қыздың денесін Талдыкөл маңында Жайық өзеніне тастап кеткен.

 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61