ҚОҒАМ

Еліміздегі мектептерде бітіру кештерін өткізудің тәртібі нақтыланды

Қазақстанның орта мектептерінде бітіру кештерін өткізудің тәртібі бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ult.kz

Министрліктің мәлімдеуінше, бекітілген ережелер бітіруші түлектердің қауіпсіздігі мен құқықтарын басты орынға қояды. Сонымен қатар бұл қадамдар жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейді. Салтанатты жиындарды мектеп қабырғасынан тыс орындарда ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.

«Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ғана өткізіледі», - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Оқушылар мен олардың отбасыларынан кез келген түрдегі қаражат жинауға немесе материалдық сыйақы талап етуге үзілді-кесілді шектеу қойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қосымша шығындарды талап етпейтін мәдени-тәрбиелік шаралар ұйымдастыру жүктелді. Ал құқық қорғау саласына мерекелік шаралар кезінде қауіпсіздікті күшейту және тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласындағы мемлекеттік мектептердің бірінде мектеп бітіру кешіне қатысты үлкен дау туындаған еді. 11-сынып оқушыларының ата-аналары мерекелік шараға тым ірі көлемде қаражат жинау жоспарланғанына наразылық білдірген. Шағымданушылардың айтуынша, жалпы сома ондаған миллион теңгеге жеткен. Тексеруден кейін мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімі жауапкершілікке тартылған болатын. 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61