МӘДЕНИЕТ
Елімізде 3 қыркүйекте «Қазақ тазысы мен төбет күні» деген мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен 3 қыркүйек — «Қазақ тазысы мен төбеті күні» болып жарияланды. Аталған құжат ресми түрде 28 сәуірден бастап күшіне енбек. Бұл шешім ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында қабылданып отыр.
Тазы — сұлулық пен шапшаңдықтың нышаны, аңшылықтағы теңдессіз серік әрі «Жеті қазынаның» бірі. Ал төбет — ата-бабамыздың мал-мүлкін күзеткен айбынды қорғаны, адалдық пен күштің символы. Шығу тегі тарихтың терең қойнауынан бастау алатын бұл асыл тұқымдар — ұлттық мұрамыздың тірі жәдігерлері.
Қазақы ит тұқымдарына арналған арнайы күннің пайда болуы — сала мамандары үшін үлкен мүмкіндік. Енді ит өсірушілер мен кинологиялық орталықтар тек көрмелермен шектелмей, кәсіби деңгейде білім алмасып, жарыстар өткізе алады.
Айта кетейік, бұл бағыттағы ең үлкен жеңіс 2024 жылдың қыркүйегінде тіркелді: Амстердамдағы алқалы жиында қазақ тазысы жеке тұқым ретінде алдын ала танылып, еліміз ресми стандарт иесі мәртебесіне ие болды.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61