БІЛІМ

Бүгін еліміздегі кітапханаларда «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін еліміздің барлық кітапханаларында дәстүрлі «Кітапхана түні» жалпыұлттық акциясы өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Кітап апталығының бесінші күніндегі іс-шаралар бағдарламасы мазмұндылығымен ерекшеленеді. Кітапхана базаларында интерактивті бағдарламалармен қатар, оқырмандардың танымдық деңгейін арттыратын зияткерлік жарыстар, өнер вернисаждары және поэзиялық кештер өткізу жоспарланған.

 «Бұл бастама кітапханаларды тек оқу орны емес, заманауи мәдени-танымдық кеңістік ретінде дамытуға бағытталған. Акция аясында оқырмандар үшін жаңа форматтағы шаралар ұсынылып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру көзделіп отыр», – делінген хабарламада.

Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық аймағын қамтып отыр. Елордада жастар үшін «Кітапханадағы түнгі vibe» кеші ұйымдастырылса, Алматы жұртшылығы «Айқас» зияткерлік ойынында бақ сынайды. Батыс Қазақстан облысы кіші буын өкілдеріне арналған қызықты жобаларды әзірлесе, Жамбыл өңірінде «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық кеш өтеді. Ал Түркістан облысының тұрғындары ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен өтетін лирикалық поэзия кешінің куәсі болмақ.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61