ҚОҒАМ
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министр Үкіметте өткен брифинг барысында спикер төлем мерзімін қысқартуға бағытталған қадамдарды түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұл шешімге әлеуметтік көмекті иемдену мақсатында қолданылған заңсыз схемалардың анықталуы себеп болған.
«Мысалы, бір есепші 10 ұйымда жұмыс істеп, бәрінен бірден шығып кетіп, қорға жұмыссыз ретінде өтінім берген. Енді оған орташа жалақысына сәйкес төлем жасалуы керек. Қазір жәрдемақы төлемдерінің ең жоғарғы шегі қайта қаралып жатыр, өйткені реттеуді қажет ететін тұстар бар», – деді Ертаев.
Сондай-ақ министр пандемияға дейін жұмыссыздыққа тапсырғандар 4 ай жәрдемақы алғанын алға тартты.
«Пандемия кезінде бұл мерзім 6 айға дейін ұзартылды. Қазір жұмыссыз қалған адам бізде небәрі үш күн ғана тіркеуде тұрады. Біз бұл мерзімді 10 күнге созып, жәрдемақы төлеу кезеңін қайтадан 4 айға дейін қысқартамыз. Төлемдер бойынша өзгерістер азаматтарға тиесілі емес артық соманың төленуіне жол бермеу үшін жасалады», – деп түсіндірді министр.
Үкімет брифингінде жәрдемақы мерзімінің қысқаруына заңсыз айла-шарғылардың жиілеп кетуі себеп екені айтылды. Мамандардың мәлімдеуінше, заңсыз схемалар арқылы төлем алу фактілері анықталғаннан кейін осындай шешім қабылданған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61