ҚОҒАМ
Қазақстандағы балалар Kids Go Free бағдарламасы бойынша биыл да ел ішінде тегін саяхаттай алады. Егер тур ресми туроператордан сатып алынса және балалар ата-анасымен бірге саяхаттаса, мемлекет 2-ден 17 жасқа дейінгі балалардың авиабилет құнын төлеп береді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Kids Go Free бағдарламасының басты ерекшелігі — лицензиясы бар туроператорлардан турпакет сатып алған жағдайда, 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар үшін ұшақ билетінің құны толықтай мемлекет есебінен өтеледі, бұл отбасылық бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама ішкі отбасылық туризмді дамытуға көмектеседі. Жоба іске қосылған сәттен бастап 5500-ден астам бала Қазақстан бойынша билетке ақша төлемей ұшу мүмкіндігін пайдаланған.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде ата-аналар балаларымен бірге Алакөлдің шипалы суына, Каспий жағалауындағы Маңғыстау өңіріне, тарихи Түркістанға және заманауи Астана мен Щучинск-Бурабай курорттық аймақтарына жиі барады.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61