САЯСАТ

Қазақстан мен Моңғолия арасында тұрақты әуе рейстері іске қосылмақ

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа төте жол салынып, екі елдің бас қалалары мен Өскемен-Өлгей арасындағы тұрақты әуе рейстері қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Aqorda

Ақордада өткен келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Моңғолия арасында төте автокөлік жолын салуды және Астана – Ұлан-Батыр мен Өскемен – Өлгей бағыттары бойынша әуе рейстерін қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

«Екі елдің президенті Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берді», - деп хабарлады Ақорда. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға қолдау көрсеткені үшін Моңғолия басшысына алғыс айтып, бұл қадамдар білім, мәдениет және туризм салаларындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ логистикалық кедергілерді жоюға жол ашатынын атап өтті.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61