ҚОҒАМ

Жылдамдықты жиі асырып, жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушілер енді 15 тәулікке қамалады

Астана қаласының прокуратурасы мен полиция департаменті жолдардағы тәртіпті күшейту мақсатында агрессивті жүргізушілерге қарсы шараларды қатаңдатты. Енді жылдамдықты асырып, көлікті қауіпті айдайтындар «ұсақ бұзақылық» жасады деп айыпталып, 15 тәулікке қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, кейбір жүргізушілер үшін айыппұл төлеу үйреншікті әдетке айналып, оларды тәртіпке салуға септігін тигізбеген. Осыған байланысты, прокуратура агрессивті жүргізушілердің әрекетін ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша саралау туралы шешім ұсынды. Бұл норма енді құқық бұзушыларды 15 тәулікке дейін қамауға алуға мүмкіндік береді.

Жаңа талаптарға сай, қатаң жаза шаралары ең алдымен жол ережесін жүйелі әрі қасақана бұзып, өзге қозғалыс қатысушыларының өміріне нақты қауіп төндіретіндерге бағытталады. Сонымен қатар, өздерінің жолдағы заңсыз әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялап, бұзақылығын мақтан тұтатын жүргізушілер де жіті бақылауға алынып, енді оларға қатысты әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін.

Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың мәлімдеуінше, бұған дейін бірнеше рет айыппұл арқаласа да, заң бұзуды әдетке айналдырған бірқатар жүргізушілер қазірдің өзінде жаңа тәртіп бойынша жауапқа тартылған. Астана қаласының прокуратурасы жол ережелерін сақтау баршаға ортақ жауапкершілік екенін айта отырып, өрескел заң бұзушы әрекеттерден тыйылып, жол ережелерін қатаң сақтауға үндейді.

 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61