ҚОҒАМ
Мәжілісте өткен үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) мүшесі Тілеген Қаскин «Болашақ» бағдарламасына қатысты тексеріс қорытындысын жариялады. Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік стипендия белгіленген талаптарға сай келмейтін азаматтарға негізсіз беріліп келген, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Соңғы бес жыл көлемінде еліміздегі жоғары білім беру саласын қаржыландыру едәуір ұлғайып, шығыстар көлемі 246 миллиардтан 472 миллиард теңгеге дейін өсті. Бүгінде студенттер саны 625 мың адамды құраса, мемлекет тарапынан бөлінетін білім гранттарының саны 77 мыңнан асты.
«Жүргізілген мемлекеттік аудит қаржыландырудың екі есе өсуіне қарамастан, жоғары білім беру жүйесі сапаның, ашықтық пен нәтижеліліктің сәйкес деңгейде артуын қамтамасыз етпей отырғанын көрсетті. Бұл бірқатар жүйелі мәселеге байланысты», - деді Тілеген Қаскин.
Жоғары білім саласындағы түйткілді мәселелердің қатарында «Болашақ» бағдарламасын басқару мен әкімшілендіру процесі ерекше атап өтілді.
«Іріктеудің жалпы критерийлеріне сәйкес келмегеніне қарамастан, министрліктің (Ғылым және жоғары білім – ред. ескертпесі) шешімімен жеке тәртіппен 340 үміткерге 7,7 миллиард теңге көлемінде стипендия тағайындалған. 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс берілген», - деді ЖАП мүшесі.
Сондай-ақ Тілеген Қаскин жасанды интеллект бағытына арналған квоталардың игерілмеу мәселесін ерекше атап өтті. Палата мәліметіне сәйкес, бұл сала бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-еуі ғана иегерін тапқан. Ал қалған 49 орын мақсатсыз пайдаланылып, өзге бағыттарға қайта бөлініп кеткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61