ҚОҒАМ
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы қатаңдатылмақ. Бұдан былай параны іс жүзінде беріп-алу ғана емес, оны беруге уәде берудің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Заңнамадағы бұл маңызды өзгерістер туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым тарқатып берді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Baribar.kz
Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған заң жобасы талқыланды. Депутат Айдос Сарымның айтуынша, заңнамалық талаптар айтарлықтай күшейтіледі. Енді жауапкершілік тек пара берген сәтте емес, тіпті оған дейінгі дайындық әрекеттері мен келісімдер үшін де қарастырылады.
«Жобада пара беруге уәде ету, ұсыну, талап етумен байланысты әрекеттер қылмыстық сипатқа ие болады», – деді Сарым.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәлімдеуінше, жаңа заңнамалық түзетулер жемқорлықты жазалаудан гөрі оның алдын алуға басымдық береді. Мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері нақтыланып, комплаенс пен әдеп қызметтерінің құзыреті күшейтіледі. Сонымен қатар шенеуніктердің қызметтік өкілеттігін жеке мақсатына пайдалануына қатаң тыйым салынып, «жеке пайда» ұғымының аясы кеңейтіледі, осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер кез келген ықтимал мүдделерін ресми түрде декларациялауға міндеттеледі.
«Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүдделеріне пайдалануға жол бермеу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізіледі. «Жеке мүдде» ұғымын ашу – жеке мүдделерді декларациялау міндеті. Бірлескен қызметке жол берілмейтін адамдар тобы кеңейтілді, олардың қатарына байланысты тұлғалар да енгізілді», – деп түсіндірді Айдос Сарым.
Заңнамадағы жаңа талаптарға сәйкес, мүдделер қақтығысын уақытылы реттемеген шенеуніктер қатаң жауапкершілікке тартылып, осындай жағдайда қабылданған шешімдері заңсыз деп танылуы мүмкін. Мәжіліс мақұлдаған мемлекеттік қызмет туралы заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің есірткі тұтыну немесе көлікті мас күйінде басқару деректері анықталған жағдайда, олар атқаратын қызметінен біржола босатылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61