ҚОҒАМ

Атырау облысында сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты

Атырау облысының Жылыой ауданында өткен экологиялық сенбілік кезінде қайғылы жағдай тіркелді.  «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері тазалық жұмыстары барысында ауыр жүк көлігінің астында қалып, қаза тапқан. Аталған ақпаратты компанияның баспасөз қызметі ресми түрде растады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Kaztransoil.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, сәуір айының соңында Жылыой ауданында өткен сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері ауыр жүк көлігінің астында қалып, қаза тапқан. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты облыстық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық қодексінің 104-бабы (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс қозғап, қазіргі таңда тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«ҚазТрансОйл»АҚ қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізуде. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым оқиғаның мән-жайы жария етілмейді», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл оқиға өндірістік ортада ғана емес, ұжымдық шаралар кезінде де техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды. Қазіргі таңда арнайы комиссия жұмыс орнынан тыс жерде орын алған бұл жазатайым жағдайға кінәлі тұлғалардың бар-жоғын және еңбек қауіпсіздігі талаптарының қаншалықты орындалғанын зерттеп жатыр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61