ТЕХНОЛОГИЯ
Қазақстанда eGov, e-Otinish және Aitu мессенджері интернетсіз жұмыс істейтін болды. Енді азаматтар желіге қосылмаса да, маңызды құжаттарды ресімдеп, өтініш бере алады. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздегі цифрландыру деңгейін арттырып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жеңілдетпек, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Мәжілісте телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелеріне қатысты жаңа заң жобасы талқылануда. Осы құжат аясында еліміздегі әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге тарифтелмейтін қолжетімділік беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл түзетулер азаматтарға интернеті болмаған жағдайда да eGov, e-Otinish және Aitu ұлттық мессенджерін кедергісіз қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа бастама мемлекеттік қызметтердің кез келген уақытта және кез келген жерде қолжетімді болуын қамтамасыз етпек.
«Тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да eGov, e-Otinish және тағы басқа платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі», - деді Мәдиев.
Сонымен қатар министр Жаслан Мәдиев мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде инклюзивтілік мәселесіне басымдық берілетінін атап өтті. Жаңа талаптарға сәйкес, цифрлық сервистерді жасау барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділік стандарттары міндетті түрде ескерілмек. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз мемлекеттік қызмет алуын және цифрлық ортаға толыққанды бейімделуін қамтамасыз етеді.
Мәжілісте қарастырылып жатқан телекоммуникация нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында 112 қызметіне жаңа өкілеттік беру ұсынылды. Енді төтенше жағдай орын алғанда құтқарушылар көмек сұраған адамның геолокациясын автоматты түрде анықтай алады. Бұл тетік шұғыл жағдайға тап болған азаматтардың орналасқан жерін жедел анықтап, құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында енгізілмек.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев eGov платформасының мемлекет үшін стратегиялық маңызына да тоқталды. Ол жүйенің қазақстандықтар үшін баламасыз құрал екенін алға тартып, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы цифрлық форматта көрсетілетінін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш еліміздің цифрландыру деңгейі жоғары екенін дәлелдейді, сондықтан министрлік порталдың жұмысын әрі қарай дамытуды басты бағыт ретінде ұстанбақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61