БІЛІМ

Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс арқылы Түркияда салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында бой көтерген, жалпы ауданы 6 мың шаршы метрді құрайтын Қожа Ахмет Ясауи атындағы білім беру кешені заманауи талаптарға сай толық жабдықталған. Мұнда 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сыныптан бөлек, оқушылардың сапалы білім алып, тынығуына қажетті мамандандырылған кабинеттер, зертханалар, мәжіліс залы, кітапхана және амфитеатр қарастырылған. Сонымен қатар мектеп аумағында спорт және балалар ойын алаңдарымен бірге, қазақтың мәдениетін айшықтайтын киіз үй стиліндегі ерекше шатырлар орнатылған.

 «Құрылыс барысында жоба Түркияның қауіпсіздік талаптары мен қазіргі нормаларына сай жетілдіріліп отырды. Өңірдің ерекшелігіне бейімделген инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан сақтау және жылу үнемдеу жүйелері қолданылды–  деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, 2023 жылғы 6 ақпандағы Түркиядағы алапат жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа көмек ретінде заманауи білім ордасын тұрғызуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61