ТЕХНОЛОГИЯ

Болашақ — технологияда: Алматыда «Цифрландыру және жасанды интеллект» атауында жастар форумы өтті

Алматы қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Цифрландыру және жасанды интеллект» атауында жастар форумы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: «Ауыл» партиясы

Заманауи технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер талқыланған басқосу жас буынның инновациялық идеяларына серпін беруді көздейді. Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект өмірдің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Осы орайда өткен алқалы жиын жастардың заман талабына сай бейімделуіне және жаңа бағыттарды меңгеруіне жол ашуды мақсат етті.

Форумды ашқан «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали қатысушыларға қолдау білдіріп, жас көшбасшылардың бастамаларына сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол жастарды қоғамдық өмірде белсенді болуға шақырып, жігерлі ойларымен бөлісті.

«Қазіргі заман — білекке емес, білімге сенетін уақыт. Жастар білім мен үздіксіз ізденісті қатар алып жүруі тиіс. Сонда ғана алдағы уақытта ашылатын жаңа мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз», — деп атап өтті Ғалымжан Құсманғали.

Іс-шара барысында «Kompetenz» инвестициялық қорының құрылтайшысы, «TechnoWoman» коммерциялық емес ұйымының инвестициялық комитетінің төрайымы Жанар Қалиева да құттықтау сөз сөйледі. Ол цифрландыру дәуіріндегі жастардың атқаратын рөліне кеңінен тоқталып, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды күнделікті өмір мен кәсіпте тиімді пайдаланудың қыр-сырымен бөлісті. Спикер технологиялық прогрестің тек қала емес, ауыл жастары үшін де қолжетімді әрі пайдалы болуы маңызды екенін жеткізді.

Форум аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша құнды ақпараттар алды:

Цифрлық технологиялардың даму үрдістері;

Жасанды интеллекттің әлеуеті мен мүмкіндіктері;

Еңбек нарығындағы заманауи және болашақтың мамандықтары.

Тәжірибелі спикерлер кейстерімен бөлісіп, әсіресе ауыл жастары үшін жаңа даму бағыттарын таныстырды. Бұл бағыттар өңірлердегі жастардың стартаптарды бастауына және цифрлық сауаттылығын арттыруына септігін тигізбек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61