БІЛІМ
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған ресми іссапары аясындағы келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Министрдің мәлімдеуінше, таяу арада Ресейдің бірқатар аймақтарында қазақстандық білім беру стандартына негізделген мектептер ашылатын болады. Бұл қадам екі ел арасындағы мәдени-ағартушылық байланысты нығайтып, шекаралас облыстардағы отандық білім жүйесінің аясын кеңейтуге жол ашпақ.
Орынбор, Омбы және Астрахань облыстарында жер учаскелері белгіленді. Ол жерде қазақстандық инновациялық форматта мектептер бой көтеретін болады. Білім беру бағдарламаларының барлығы Қазақстанның білім стандартына негізделуі эксперттік жұмыс тобында қарастырылуда. Ресей тарабы осындай инновациялық бағдарламаларды өздерінде жүзеге асыруға қызығушылық танытуда. Оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде, сонымен бірге интеграцияланған білім беру бағдарламалары және Ресей біздің ЖИ, цифрландыру, біздің балаларымыздың жаратылыстану, ғылыми бағыттағы пәндерді игеру мәселесі қызығушылық танытуда, - Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің құрылысын жүргізу үшін тиісті жер телімдерін бөлу мәселесі толықтай шешілген. Жаңа оқу орындарындағы білім беру процесі бірыңғай ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес іске асырылады. Қазіргі уақытта құрылған сарапшылардың жұмыс тобы қос тілде (қазақ және орыс) оқыту әдістемесін жетілдіру, ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндерді интеграциялау, сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу тетіктерін жан-жақты талқылауда. Ресейлік тарап Қазақстанның ағарту саласын жаңғырту және цифрландыру бағытындағы оң тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61