БІЛІМ
1 маусымнан бастап магистратурада білім алғысы келетін үміткерлер үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Тіркелу науқаны 8 шілдеге дейін жалғасады және үміткерлер өтініштерін app.testcenter.kz ресми порталы арқылы жолдай алады. Ал кешенді тестілеудің өзі ағымдағы жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызы аралығында өткізіледі деп жоспарланған.
«Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады»,– делінген хабарламада.
Үміткер өтініш толтыру барысында емтихан тапсыратын қаланы өз қалауы бойынша белгілейді. Егер енгізілген мәліметтерді түзету қажет болса, оны 8 шілдеге дейін жасауға мүмкіндік бар. Ал тестілеудің нақты мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген ақпарат 14 шілде күні талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу электронды форматта өткізіліп, үш бөлімнен тұрады. Шекті балл – 75 балл.
Оның ішінде:
Шет тілі бойынша тесттен кемінде 25 балл жинау қажет;
Оқуға дайындық деңгейін анықтау бөлімі бойынша кемінде 7 балл алу керек;
Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша әр пәннен кемінде 7 баллдан жинау талап етіледі.
Емтихан тапсыруға 3 сағат 55 минут беріледі.
Ал бейіндік магистратураға түскісі келетін талапкерлер тек білім беру бағдарламалары топтарының бейіндік пәндері бойынша тест тапсырады. Бұл емтиханға 1 сағат 40 минут уақыт бөлінеді.
Шекті өту балы – 30 балл. Оның ішінде бірінші және екінші бейіндік пәндердің әрқайсысынан кемінде 7 балл жинау қажет.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61