Bugin

ҰҚК: Шекарадан 300 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкету деректеріне жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта шекаралық аймақтарда бақылау-өткізу шаралары қатаң бақылауға алынған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 2400-ден астам фактісінің жолы кесілді. Алып қойылған өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңсыз тасымалдың алдын алу мақсатында өткізу пункттеріндегі техникалық бақылау құралдары да заман талабына сай жаңартылуда. Қазіргі уақытта шекара арқылы өтетін әрбір көлікті мұқият тексеру және жасырын сыйымдылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар еліміздің стратегиялық ресурстарын контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеттері алдағы уақытта да қатаң заң аясында жазаланатынын ескертеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61