ҚОҒАМ

Қазақстанда AliExpress, Amazon және Temu тауарларына міндетті баж салығы енгізілмек

Қазақстанда AliExpress, Temu және Amazon сияқты шетелдік интернет-дүкендерден тауар жеткізудің тәртібі күшейтілмек. ЕАЭО аясында енгізіліп жатқан жаңа ережелерге сәйкес, маркетплейстер арқылы келетін сәлемдемелер үшін бөлек кедендік баж салығы мен арнайы декларация енгізіледі. Ресми мәлімет бойынша, құны 200 еуродан аспайтын тауарларға баж салығы салынбайды. Ал бұл шектен асқан жағдайда сатып алушылар тауар құнының 5 пайызы мөлшерінде бірыңғай баж салығын және 16% көлемінде қосылған құн салығын төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Google AI

Ағымдағы жылдың қаңтарында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тарапынан бекітілген электрондық сауда операторларының қызметін реттеу туралы жаңа ережелер ішкі заңнамаға енгізілуде. Бұл нормалар ЕАЭО кедендік шекарасынан тыс елдерден (ҚХР, АҚШ, ЕО) жүзеге асырылатын трансшекаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Бұған дейін аталған халықаралық келісімді мақұлдаған Қазақстан тарапы заңнамалық деңгейдегі рәсімдерді бастады. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

«Былтыр біз Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификацияладық, ал бүгін ұлттық заңнамамызды соған сәйкестендіріп жатырмыз. Электрон сауда бүгінде әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі саналады», - деді Мәжіліс депутаты Константин Авершин.

ЕАЭО-ның жаңа нормаларына байланысты интернет-дүкендерден тапсырыс берілген өнімдердің барлығы бірдей «жеке пайдалануға арналған қарапайым тауар» ретінде қабылданбайды. Олар үшін заңнамада «электрондық сауда тауарлары» деген арнайы жеке санат енгізілді.

Бұл жаңа санатқа өте қатаң бақылау талаптары қолданылады. Атап айтқанда, мұндай сәлемдемелер үшін бөлек кедендік декларация толтырылады, жеке кедендік баж салығы бекітіледі, арнайы салық қолданылады.

ЕАЭО-дан тыс елдерден келетін пошта жөнелтілімдері үшін бажсыз әкелудің құндық шегі 200 еуро деңгейінде сақталғанымен, фискалдық есептеу механизмі қайта қаралды. Егер тауардың құны 200 еуро шегінен аспаса, кедендік алымдар есептелмейді. Ал құны 200 еуродан асатын трансшекаралық электрондық коммерция тауарларына 5 пайыз мөлшерінде бірыңғай кедендік баж салығы қолданылады. Бұл ретте баж салығының ставкасы маржалық айырмашылыққа емес, тауардың жалпы кедендік құнына салынады.  Құны 250 еуро болатын тауар үшін баж салығы 50 еуродан емес, толық 250 еуро сомасынан есептеледі. Сонымен қатар, бұл санатқа 16 пайыз деңгейінде қосылған құн салығы қолданылады. Сәлемдемелер үшін ең төменгі баж мөлшерлемесі салмақтың әр килограмы үшін 1 еуро эквивалентін құрайды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61