ТЕХНОЛОГИЯ

Түркістанда дрон шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістан өңірінде аграрлық секторға арналған дрон шығаратын зауыт ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Gov.kz

Бұл өндіріс орны отандық фермерлердің инновациялық технологияларға қолжетімділігін арттырып, өңірдегі аграрлық сектордың дамуына жаңа серпін бермек. «Avatar Agricultural Technology Development» компаниясы қолға алған бұл жоба аясында жылына 500 дана ұшқышсыз ұшу аппараты шығарылады деп жоспарлануда.

Жаңа агро-дрондар егіс алқаптарын дәрілеу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетпек. Техникалық сипаттамасына сүйенсек, бір аппараттың өзі 70 литр сұйықтықты еркін көтеріп, бір ұшқанда 5 гектар жерді өңдеуге қауқарлы.

Зауытқа қазірдің өзінде 20 тапсырыс түсіп үлгерген. Ал келесі жылдан бастап өндіріс ауқымы кеңейіп, өрт сөндіретін және жүк таситын жаңа үлгідегі дрондарды шығару жоспарланып отыр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61