САЯСАТ
Өзбекстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа әдісі іске қосылды. Мемлекеттік қызметкерлерді парақорлық пен заңсыз әрекеттердің шынайы салдарымен таныстыру мақсатында оларға түрмелер мен тергеу изоляторларында арнайы шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа әдісі негізінде Құрылыс, Жұмыспен қамту министрліктері мен Кадастр агенттігінің басшылық құрамы мен мамандары алғашқылардың бірі болып арнайы мекемелерге жеткізілді. Мемлекеттік қызметкерлер тергеу бөлмелерін, қамауда ұстау камераларын және нысанның басқа да ішкі құрылымдарын егжей-тегжейлі аралады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық үшін сотталған азаматтармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, заң бұзушылықтың зардаптары талқыланды.
Өзбекстан билігі мемлекеттік аппарат өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың құқықтық және психологиялық ауыр зардаптарын көрсету мақсатымен қатар, алдағы кезеңде бұл профилактикалық шараларға өзге де министрліктердің жетекшілері мен жемқорлық тәуекелі жоғары құрылымдардың қызметкерлері кезең-кезеңімен тартылатынын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61