МӘДЕНИЕТ
Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі шеңберінде Жайық өзенінде ауқымды кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Нұрсәуле Иманмәдиқызы
Бейбарыс Сұлтан көпірінен бастау алған шеру Тұрғындар қалашығы көпіріне дейін жалғасып, өзен жағалауына жиналған тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Кемелер шеруі өңірдің өзен және теңіз мәдениетін, су көлігі саласының әлеуетін, сондай-ақ Каспий маңының бай мұрасын насихаттауды мақсат етеді.
Жайық төсінде салтанат құрған кемелер Атыраудың ежелгі су жолдарымен өрілген бай тарихын жаңғырта түсті.
«Қазыналы Каспий» фестивалі Каспий өңірінің балық шаруашылығы дәстүрлерін дәріптеуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Кемелер шеруі – фестивальдің ең көрнекті бөліктерінің бірі. Бұл шара арқылы Жайық өзенінің өңір тарихы мен тіршілігіндегі маңызын көрсетуді мақсат еттік, – деп мәлімдеді Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
«Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында Жайық өзенінің биоәртүрлілігін арттыруға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылып, 3000 бекіре шабағы өзенге жіберілді. Атырау бекіре өсіру зауытының цех меңгерушісі Нұрболат Сүпіғалиевтің мәлімдеуінше, биылғы шабақтардың салмағы 3,5 грамнан асқаннан кейін ғана табиғи ортаға жіберіле бастаған.
«Бұл жұмыс балық қорын көбейту және су экожүйесін сақтау тұрғысынан аса маңызды», – деді Нұрболат Сүпіғалиев.
Айта кетейік, Атырау бекіре өсіру зауытында бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше түрі өсіріледі. Атап айтқанда, зауыт қорында қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай және сүйрік секілді балық түрлері бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61