ҚОҒАМ

Каспий деңгейі жоғары қарқынмен төмендеуде: Экологтар дабыл қақты

Иранның экология саласына жауапты ведомствосы Каспий теңізінің жедел тартылып бара жатқанына алаңдаушылық танытты. Соңғы 4-5 жылда су деңгейі тағы 1 метрге төмендеп, бұл үрдіс экологиялық және экономикалық дағдарыс қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Жағдайдың күрделілігін Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымы жанындағы Теңіз ластануын зерттеу және онымен күрес департаментінің директоры Омид Саддеги мәлімдеді.

«1995 жылдан бері Каспий теңізінің деңгейі жалпы алғанда шамамен 2,5 метрге төмендеді. Алайда бізді басты алаңдатып отырғаны — процестің тым жеделдеп кетуі. Соңғы 4–5 жылдың ішінде ғана су деңгейі тағы 1 метрге азайып кетті», — деді Омид Саддеги.

Омид Саддегидің келтірген есептік мәліметтеріне сәйкес, Каспий бассейнін қоректендіретін негізгі су ағынының басым бөлігі — шамамен 80%-ы Еділ өзеніне тиесілі. Ал бұл көрсеткіш Иран аумағынан бастау алатын өзендер үшін небәрі 5% шамасында ғана. Қазіргі уақытта аймақтағы экологиялық дағдарысты тұрақтандыру және оның зардаптарын барынша азайту мақсатында арнайы өңірлік іс-қимыл жоспары дайындалуда. Аталған стратегиялық құжат ағымдағы жылдың жаз айларында Тегеран қаласында ұйымдастырылатын «COP7» Тегеран конвенциясының саммитінде Каспий маңы мемлекеттерінің қатысуымен талқыланады деп күтілуде.

Сарапшылардың пайымдауынша, су деңгейінің жоғары қарқынмен төмендеуі аймақтың бірегей экожүйесіне, балық шаруашылығының әлеуетіне және жағалау бойындағы стратегиялық инфрақұрылымдық нысандардың жұмысына елеулі нұқсан келтіріп, қауіп-қатерді еселей түспек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61