ҚОҒАМ
Елордада «Euronews» халықаралық ақпараттық телеарнасының қазақ тіліндегі хабар тарату қызметінің ресми таныстырылымы өтті. Қазақ тілі аталған медиахолдингтің тұрақты ақпарат тарататын 14 негізгі тілінің қатарына енді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Gov.kz
Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид және телеарнаның Астанадағы бюро жетекшісі Боян Бркич қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов өз сөзінде бұл бастаманың отандық медиа кеңістікті дамытудағы стратегиялық маңызына тоқталып өтті:
«Euronews» телеарнасының қазақ тілінде ақпарат тарата бастауы – еліміздің медиа саласы үшін елеулі оқиға. Әлемдік деңгейдегі жетекші ақпарат агенттігінің Қазақстанның мемлекеттік тілінде тұрақты хабар таратуы ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, отандық аудиторияның халықаралық сапалы ақпаратты тікелей тұтынуына жағдай жасайды».
«Euronews» директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид жобаның көптілділікті қолдау және әлем жұртшылығына тәуелсіз ақпаратты қолжетімді ету қағидаттарына толық сай келетінін атап көрсетті. Сондай-ақ ол Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін алға тартып, жобаны қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ризашылығын білдірді.
Ынтымақтастық аясындағы жұмыстар бекітілген жоспар бойынша кезең-кезеңімен атқарылады: Қазақ тіліндегі ақпараттық мазмұн жұмыс күндері телеарнаның ресми YouTube платформасында жарияланады. Аудиторияны қамту аясын ұлғайту мақсатында контент өзге де медиаплатформаларға, соның ішінде тікелей телеэфирге интеграцияланады. «Euronews» тарататын жаһандық жаңалықтар мен бағдарламалардың шамамен 90 пайызы қазақ тіліне аударылып, ұсынылатын болады.
Айта кетейік, «Euronews» халықаралық телеарнасының Астанадағы ресми бюросы 2024 жылдың күзінде ашылған болатын. Қазіргі уақытта жергілікті бағдарламаларды әзірлеумен қатар, жаһандық желіге таратылатын өңірлік контентті дайындайтын маңызды құрылымдық орталық болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61