БІЛІМ

Ғарыш кеңістігінен инженерлік шешімдерге: Тоқтар Әубәкіров жас мамандарды жаңа белестерге қанаттандырды

METU-да түлектерге диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Университет үшін маңызды шараның құрметті қонағы — Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ұшқыш, ерлік пен отансүйгіштіктің, ғылымға, авиация мен инженерлік іске деген адалдықтың символы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров болды.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: METU

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстан тарихындағы және бүкіл әлемдік ғарыш қауымдастығындағы көрнекті тұлға. Ол ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ атанып, отандық ғарышкерлік тарихында өз есімін мәңгілікке қалдырды. Оның кәсіби жолы — ерекше қайсарлықтың, жоғары шеберліктің және Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Шараның атмосферасы өмірі мен кәсіби қызметі қазақстандықтардың бірнеше буынына үлгі болған тұлғаға деген ерекше құрмет пен шынайы алғысқа толы болды. Тоқтар Оңғарбайұлының салтанатты шараға қатысуы инженерия, технология, ғылым және инновациялық даму саласына қадам басып отырған студенттер үшін терең символикалық мән берді.

Фото: METU

Фото: METU

Тоқтар Оңғарбайұлы METU зертханаларымен, заманауи білім беру кеңістіктерімен, зерттеу инфрақұрылымымен және университеттің ғылыми-техникалық әзірлемелерімен танысып, озық технологиялық шешімдерді әзірлеуге, енгізуге және ілгерілетуге қабілетті, жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау үшін жасалған мүмкіндіктер бойынша ақпар алды. Ерекше назар METU -дың Озық технологиялар орталығына аударылды, онда Тоқтар Оңғарбайұлы университеттің ғылыми және инженерлік қызметінің заманауи бағыттары негізінде жасалып жатқан жұмыстарға куә болды. Сондай-ақ студенттердің, оқытушылардың және жас зерттеушілердің қолданбалы ғылымды, цифрлық технологияларды, инженерлік шешімдер мен инновациялық өндірісті дамытуға бағытталған көптеген ғылыми әзірлемелері көрсетілді. Университет жобалары экономиканың нақты сұраныстарына және Қазақстанның технологиялық дамуына бағдарланған мамандарды даярлаудағы жоғары әлеуетін көрсетеді.

Фото: METU

Фото: METU

Салтанатты рәсім барысында Тоқтар Оңғарбайұлы тек оқуда ғана емес, сонымен қатар METU-дың қоғамдық, ғылыми, шығармашылық және студенттік өмірінде өзін көрсете білген үздік белсенді түлектерге дипломдарын жеке өзі табыс етті. Тоқтар Оңғарбайұлы түлектерді құттықтап, өз сөзінде білімнің, қайсарлықтың, тәртіп пен таңдаған іске деген адалдықтың маңыздылығын атап өтті. Оның бұл шараға қатысуы жас мамандар үшін кәсіби өсуге, батыл шешімдерге, ғылыми жаңалықтарға және ел игілігі үшін қызмет етуге бағытталған символдық ерекшелігіне айналары сөзсіз.

Фото: METU

Фото: METU

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу студенттер мен жас мамандарға биік мақсаттарға ұмтылу, ұлттық және әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуге шабыт сыйлады.  Бүгінде METU  талантты жастарды дамыту және Қазақстанның болашағына елеулі үлес қосуға қабілетті мамандарды даярлау үшін жағдай жасай отырып, білім, ғылым, инженерия мен инновацияның байланысын нығайтуды жалғастыруда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61