БІЛІМ
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлер өтінімді eGov.kz электрондық үкімет порталы, eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы бере алады, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.
Биыл қызмет көрсету жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілді. Енді eGov порталы Ұлттық тестілеу орталығының базасымен интеграция арқылы талапкердің конкурссыз мемлекеттік грантқа құқығы бар-жоғын автоматты түрде анықтайды. Егер үміткер грант иегері деп танылса, жүйе өтініш беру сәтінде бұл туралы бірден хабарлама береді. Мұндай жағдайда құжаттарды қайта жолдау талап етілмейді.
Ал қалған талапкерлер құжаттарын жалпы тәртіппен өткізе алады. Егер үміткердің қандай да бір жеңілдігіболса, өтініш толтыру барысында оны арнайы белгілеуі қажет. Одан әрі жүйе тиісті мемлекеттік дерекқорлар арқылы жеңілдіктің бар-жоғын өздігінен тексеріп, автоматты түрде растайды.
eGov.kz порталы арқылы өтініш беру жолы:
Порталда авторизациядан өту;
«Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөлімін ашу;
«Білім беру гранттарын беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдау;
«Қызметті онлайнға тапсырыс беру» батырмасын басу;
Міндетті өрістерді толтыру;
Сұранысқа қолжетімді әдістердің бірімен қол қою;
Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өтінімнің мәртебесін тексеру.
eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтінішті дәл осы реттілікпен жолдауға болады.
Өз кезегінде «ҰАТ» АҚ мамандары порталға шамадан тыс салмақ түскен жағдайда, пайдаланушылар электронды кезек жүйесі арқылы бөлінетінін ескертеді. Кезек жеткен сәтте қызмет автоматты түрде іске қосылады. Техникалық мамандар күту барысында браузер бетін жаппауды немесе қайта жүктемеуді ұсынады, әйтпесе пайдаланушының электронды кезегі жойылып кетуі мүмкін.
Кезекті қолмен бақылап отырмау үшін пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады:
«Кезек жақындағанда маған SMS арқылы хабарлау» функциясын қосу;
Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне 1414 қызметінен хабарлама алу;
Егер нөмір базада жоқ болса, телефон нөмірін қолмен көрсету.
Өтініш сәтті жолданғаннан кейін талапкердің eGov.kz-тегі жеке кабинетіне конкурсқа қатысқаны туралы электронды анықтама келеді.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 13 шілдеде сағат 9.00-де басталып 20 шілде сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Конкурс қорытындысы жарияланғаннан кейін, грант иегерлеріне тиісті электронды сертификаттар олардың жеке кабинетіне 10 тамызға дейін жолданады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61