ҚОҒАМ
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Н. Серғалиевтің ұсталуы жөніндегі ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми түрде растады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері туралы мәліметтер әзірге жария етуге жатпайды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Жоғары оқу орны жетекшісінің ұсталуына қатысты ақпарат әлеуметтік желілерде бұрын тараған. БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Б. Ахметжанның сөзінше, қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.
Оның айтуынша, Нұрлан Серғалиевке «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар құзырлы органдар ректордың жұмыс кабинеті мен тұрғылықты мекенжайында тінту амалдарын жүргізгені белгілі болды.
Жедел шараларды ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жүзеге асырғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Нұрлан Серғалиев тек білім саласын басқарып қана қоймай, БҚО облыстық мәслихатының депутаты ретінде қоғамдық істерге де белсене араласқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61