БІЛІМ

Қазақстан QS Best Student Cities 2027 рейтингінде Орталық Азиядағы көшбасшы атанды

Қазақстанның ең ірі қалалары Алматы мен Астана халықаралық QS Best Student Cities 2027 қатарында өз орындарын жақсартып, еліміздің білім беру саласындағы деңгейінің өскенін көрсетті. Алматы бұл рейтингте 13 сатыға көтеріліп, әлем бойынша 78-орынға жайғасқан. Бұл Қазақстан қалаларының QS рейтингіне енген ең жоғары көрсеткіші. Сондай - ақ, бүкіл Орталық Азия бойынша үздік нәтиже болып саналады. Ал Астана өзінің позициясын 8 сатыға жоғарылатып, 119-орынға көтерілді. Осылайша, екі қала да өңірдегі студенттер үшін жетекші білім мекендеріне айналды, - деп  Bugin.kz хабарлайды. 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото; Ашық дереккөз

QS халықаралық агенттігі қалаларды алты негізгі бағыт бойынша бағалайды: университеттердің академиялық деңгейі, қаланың тартымдылығы, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, білім алу мен тұрмыс құнының қолжетімділігі, студенттердің халықаралық әртүрлілігі және студенттердің пікірлері. Рейтингке әлем бойынша 150 қала іріктеліп алынған. 

Алматының табысқа жетуінің бір себебі – қалада білім беру жүйесінің сапалы дамуы. Мұнда QS World University Rankings 2027 тізімінде 9 университет бар. Бұл қаланың «Университеттердің рейтингтік көрсеткіштері» бойынша әлемде 50-орын алып, университеттегі ортаның күшті екендігін дәлелдеді.

Қазақстан білімнің қолжетімділігімен де ерекшеленеді. Оқу және тұрмыстық шығындар жағынан Астана әлемде 9-шы, ал Алматы 24-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш шетелдік студенттер үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырады. Сонымен қатар, халықаралық студенттердің санының өсуі «Студенттік әртүрлілік» көрсеткішінде де айқын байқалады. Екі қалаға да әлемнің түрлі елдерінен студенттер келе бастауы еліміздің жоғары оқу орындарының дәрежесі артқанын білдіреді.

Осылайша, Алматы мен Астананың QS Best Student Cities 2027 рейтингіндегі өсімі Қазақстандағы жоғары білім сапасының халықаралық деңгейге артқанын көрсетеді. Сонымен қатар,  еліміздің әлемдік білім кеңістігіндегі орнын нығайтып келе жатқанын растайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61