МӘДЕНИЕТ
Тәжікстан парламенті заңға өзгертулер енгізіп, ұлттық мәдениетке қайшы келетін киімдерді киюге тыйым салды. Атап айтқанда хиджаб пен сатр киюге шектеу қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Заңға сәйкес, ел азаматтары дәстүр мен мәдениетті құрметтеп, ұлттық киім үлгілерін киюге міндетті. Тәжікстан тұрғындары хиджабты қоғамдық орындарда киіп және әкелгені үшін айыппұл төлейді. Өйткені елдегі билік өкілдері әйелдерді тәжік ұлттық киімін таңдауға шақырады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары діни экстремизмге байланысты сақал қойған ер адамдарға бақылауды күшейтті.
Тәжікстан билігі ұлттық киімді насихаттап, шетелдік киім үлгілеріне еліктеушілікке жол бермеу науқанын жүргізіп келеді. Билік әйелдерге қара орамал және хиджаб киюге тыйым салып, оларды тәжіктердің мәдениеті мен дәстүріне жат деп санайды. Тәжікстан бұл шараларды діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, ұлттық мәдениетті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Тәжікстанда ұлттық мәдениетті сақтау үшін киім үлгілеріне қатысты қатаң талаптар бекітілді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61