ҚОҒАМ
24 жастағы Қазақстандық азамат Рашид Қадыров Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруға қызығушылық танытып, жұмысқа орналасқан. Кейін бұл жұмысы негізінде Грекияда ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Ақтөбе тұрғыны Нұрхан Қадырова ұлының ісіне қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрады. Ол ұлының жұмыс туралы хабарландыруға алданып, ұзақ мерзімге сотталғанын айтты.
Анасының айтуынша, ұлы шетелге кететіні туралы ешкімге айтпаған. Біраз уақыттан кейін оның Түркияға жұмысқа кеткені белгілі болған және Рашид Қадыров Грекия түрмесінен анасына хабарласып, мәселенің мән-жайын хабарлаған.
Анасының мәлімдеуінше, ұлы екі жылдан бері Грекия түрмесінде отыр және оны 125 жылға бас бостандығынан айырған.
Бұл іс бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.
«Грекияда 125 жылға айыпталған Қазақстан азаматы туралы хабарымыз бар. Ол соттың шешімімен мигранттарды заңсыз тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті заңнамаға сәйкес, бұл әрекет ауыр қылмыстардың қатарына жатады», - деді ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Грекиядағы Қазақстандық дипломаттар өз құзыреті шеңберінде азаматқа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Іс министрліктің бақылауына алынған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61