САЯСАТ

Дональд Трамп Иранға бағытталған әскери операцияны кейінге шегерді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағындағы нысандарға жасалуы тиіс болған жойқын әскери шабуылды кейінге шегергенін хабарлады. Дональд Трамп бұл қадамды Тегеран мен Таяу Шығыс аймағындағы серіктес елдердің дипломатиялық диалог орнату туралы ұсынысынан кейін қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Evan Vucci / AP

Truth Social парақшасында жазба қалдырған АҚШ президенті америкалық қарулы күштердің Иранға қарсы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі әскери соққы беруге сақадай сай тұрғанын ескертті. Алайда Таяу Шығыс елдерінің сұрау салуымен, шиеленісті ушықтырмай, мәселені келіссөз үстелінде қарауға шешім қабылданған.

Уақытша тоқтатылған операцияның орнына қойылатын басты талаптар – Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын шектеусіз толық ашу және Иран тарапынан төнетін ядролық қауіп-қатерді жою. Дональд Трамптың айтуынша, егер Тегеран аталған шарттарды орындап, жақын арада келісімге қол қойса, әскери шабуыл жасау қажеттілігі толығымен жойылады. Бұл позицияны Израиль билігі де қолдап отыр.

Еске сала кетейік, АҚШ қарулы күштері Иран жеріндегі нысандарға соңғы рет 28 шілдеде әуеден соққы берген болатын. Осы оқиғадан кейін халықаралық БАҚ өкілдері АҚШ пен Израильдің Иранның энергетикалық инфрақұрылымына, атап айтқанда мұнай өңдеу зауыттары мен электр стансаларына жаңадан соққы беру жоспарын дайындап жатқанын хабарлаған еді.

Сарапшылардың пікірінше, Вашингтонның бұл шешімі Таяу Шығыстағы тікелей әскери қақтығыс қаупін уақытша бәсеңдетті. Алдағы уақытта аймақтағы тұрақтылықтың сақталуы Иран билігінің ұсынылған шарттарға қатысты қабылдайтын түпкілікті шешіміне тікелей байланысты болмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61