БІЛІМ
Интернетте жалған дипломдар жайлы ақпарат жиі таралып, құжаттардың заңсыз айналымы қоғам үшін өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп жазады Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Министрлік білім беру құжаттарының өзіндік үлгісін әзірлеп, олардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды бекітті. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының түлектеріне берілетін құжаттардың сериялары дәл осы талаптар негізінде белгіленді.
Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтармен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйеге қол жеткізу құқығы тек осы модульмен тіркелген және ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.
Қазіргі уақытта білім беру саласында жалған құжаттардың таралуын болдырмау үшін заманауи технологиялар мен қатаң бақылау шаралары енгізілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61