СПОРТ
Әлемдік деңгейдегі Paris Saint-Germain клубының ресми футбол академиясы Астана қаласында ашылады. Бұл жоба кәсіпкер Алмаз Альсеновтың бастамасымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Psgacademykz парақшасынан
2026 жылдың қыркүйегінен бастап академия 300-ге дейінгі 6-14 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Жас футболшылар жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарай топтарға бөлініп, PSG академиясының ресми оқу-жаттығу әдістемесі бойынша дайындалады.
Осы жоба арқылы Қазақстан PSG академия халықаралық желісіне қосылған 24-ші ел атанды. Футбол академиясының орталығы FIFA стандартына сай алаңы бар «AirArena» спорт кешенінде ашылады. Мұнда күн райына қарамастан жыл бойы жаттығуға жағдай жасалған. Бағдарламада апталық жаттығулар, демалыс лагерьлері, турнирлер, жолдастық кездесулер мен халықаралық іс-шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық жаттығулар PSG клубының ресми әдістемесімен тығыз байланысты. Бұл әдістеме техникалық шеберлікке, ойын интеллектіне, дұрыс шешім қабылдауға және үздік болуға үлес қосады. Сонымен қатар құрмет, тәртіп, командалық жұмыс дағдыларын да үйретеді.
«Бұл серіктестік арқылы біз балалардың спортшы ретінде және тұлға ретінде де жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз. Командалық рухты, өзіне деген сенімділікті, тәртіпті және мықты мінезді алаңда да, өмірде де қалыптастыру арқылы Қазақстандағы жасөспірімдер футболының ұзақ мерзімді дамуына үлес қосуды мақсат етеміз», - деді Алмаз Альсенов.
Айта кетейік, 24 елде орналасқан PSG футбол академиясы жыл сайын 50 000-нан астам жас футболшының дамуына септігін тигізіп келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61