ҚОҒАМ

Астанада Құран сүресін жатқа оқығандарға тегін кофе акциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астанадағы кофеханалардың бірінде  Құран сүрелерін жатқа оқыған қонақтарға тегін кофе берілді. Акцияға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Тегін кофе акциясы ZHANPRESSO кофеханасында ұйымдастырылған.
 
Астана қаласының Діни басқармасы интернет кеңістіктегі контентке мониторинг жүргізді. Мониторинг жасау барысында @zhan_nurmukhanbet парақшасында Құран сүресін жатқа оқығандар үшін тегін кофе беру акциясының жүргізілгені анықталды.
 
Бұл акцияда діни әрекетті материалдық пайдамен байланыстыра отырып, азаматтарды діни тәжірибеге тарту белгілері көрініс тапты. Осы жағдайға байланысты кофехананың иесі Дін істері жөніндегі басқармасына шақырылып, Қазақстанның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы түсіндірілді. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік нормалары туралы ақпарат берілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61