БІЛІМ
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын бөлу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2026-2027 оқу жылында да еңбек нарығы бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық беріледі.
Қазақстанда бакалавриат бағдарламасына шамамен 75 мың грант берілді. Конкурсқа қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш бергені анықталды.
Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық бағыттарға бөлінді. Педагогикалық мамандықтарға 20%-ы және қалған білім беру бағыттарына 20%-ы берілді.
Талапкерлер таңдаған ең танымал мамандықтарға аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқық, психология, қаржы және педагогикалық бағыттар кірді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ең жоғары конкурс аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтарды және педагогтарды даярлайтын білім беру бағдарламаларына түскен.
Айта кетейік, 2026 жылдың білім гранты нәтижесі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланатын болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61