СПОРТ
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғап жүрген сырттан келген спортшыларға қатысты пікірталас қайта өршіді. Бұған теннисші Александр Бубликтің туған қаласы Санкт-Петербургте теннис кортын салып, оның ресми ашылуы мен шеберлік сабағын өткізуге дайындалып жатқаны туралы ақпарат себеп болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Спорт журналисі Аслан Қаженов көтерген ақпарат негізі қоғам арасында еліміздегі спорт менеджментінің бағыты бойынша түрлі сұрақтардың туындауына түрткі болып отыр. Бұл ретте қоғам тарапынан алғашқы наразылық инфрақұрылым мен инвестиция мәселесіне қатысты туындады. Қазақстан азаматтығын алып, ел атынан өнер көрсетіп жүрген спортшылардың өзге елдің спорттық инфрақұрылымын дамытуға қаржылай немесе беделдік үлес қосуы жанкүйерлер арасында түсінбеушілік тудырады. Жұртшылық «Ел намысын қорғап жүрген спортшылар жергілікті жас таланттардың өсуіне қаншалықты ықпал етуде?» деген орынды сауалды жиі алға тартады.
Азаматтық пен спорттық мансап арасындағы шынайы байланысқа тіреледі. Желіде тараған пікірлерде сырттан шақырылған спортшылар үшін көк құжат көбіне халықаралық турнирлерге кедергісіз қатысу және кәсіби мансапты жалғастыру құралы ретінде ғана қызмет ететіні айтылады. Бұл спортшылардың елмен болашағын тығыз байланыстырмауы және жергілікті спорт мектептерінің дамуына тікелей үлес қоспауы басты сыни аргументтердің біріне айналды.
Әлеуметтік желіде отандық теннисші Александр Бубликтің Санкт-Петербургте теннис кортын салуына байланысты желі қолданушылары бірқатар пікір қалдырған. Оның ішінде «Бізге келген кез келген жалдамалы спортшы гонорарынан мемлекетке ең жоғары шекті не арнайы салық заңын жасау керек», «Бұларға өзімізден спорт мектебін аштыру керек. Қытайдың шет елдегі спортшылары балалар спорт мектептеріне табысынан ақша аударып тұрады» сынды пікірлер бар.
Қоғамдағы сын-ескертпелер тек спортшылардың жеке әрекетіне емес, ұлттық спорт федерацияларының жүргізіп отырған саясатына да бағытталуда. Дайын легионерлерді шақыру арқылы қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізу тактикасы отандық бапкерлер мен балалар-жасөспірімдер спортын қаржыландыруды көлеңкеде қалдырады деген де пікірлер жиі айтылуда.
Желідегі белсенділер федерация басшылығынан сырттан келген кадрларға сенім артуды азайтып, отандық мектептерді дамытуды талап етеді. Сондай-ақ мұндай жағдайлар спорт саласындағы ашықтық пен есептілік мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарады.
Көтерілген мәселеге қатысты желі қолданушылары тарапынан ұлттық құрама сапына тартылатын спортшыларға берілетін қолдау мен ресурстардың тиімділігі, сондай-ақ олардың елдегі спортты дамытуға ықпалы ұзақ мерзімді перспективада бағалануы тиіс екені де айтылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61