ҚОҒАМ

Айжан Аймағанова әлеуметтік желілердегі әйелдерге байланысты теріс пікірлерге қарсы екенін айтты

Прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерге қатысты кемсітуге ұласатын пікірлерге өз ойын білдірді. Сондай-ақ ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қойған пікірлерді қолдамайтынын жария етті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Ол мұндай көзқарастарға үнсіз қалуға болмайтынын жеткізді.

«Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекеттің қатарында.  Әрбір азаматтың  ар-ождан мен діни сенім бостандығы - конституциялық құқық болып табылады. Әйел бала тәрбиелеу мен   отбасы шеңберінде ғана емес, медицина, білім беру, ғылым, кәсіпкерлік, әскери және мемлекеттік салада да маңызды рөл атқарады. Әйел мемлекет өркендеуіне үлес қосып, ер азаматтармен бірге мемлекеттің болашағына да жауапты», - деп жазды Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әйелдерге деген құрмет – тек дәстүр немесе көзқарас мәселесі емес. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында айқын көрсетілген негізгі талаптардың бірі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61