СПОРТ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер Джон ван’т Шкип келді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван’т Шкип тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Джон ван’т Шкип футбол мансабын Амстердамның «Аякс» клубында және Италияның «Дженоа» командасында өткізген. Ол сондай-ақ Нидерланд ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, 1988 жылы командасымен бірге Еуропа чемпионы атанған.

Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын басқарған.

Бас бапкердің көмекшілері ретінде Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бекітілді. Қақпашылар бапкері қызметін Юрий Новиков атқарады. Дене даярлығын Вадим Боровский басқарып, аналитик-бапкері Тимур Құсайынов болып табылады. 

Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен ұлттық команда 26 қыркүйекте алғашқы ресми ойынға шығады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61