ҚОҒАМ
«Freedom Holding Corp.» Түркиядағы «Turkish Bank»-ті шамамен $33,4 миллионға сатып алған. Нақты құны компанияның AIX биржасында жарияланған қаржылық есептілігінде көрсетілді, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
«Freedom Holding Corp.» түрік нарығындағы қызметін кеңейтіп, «Turkish Bank» негізінде қаржылық және күнделікті тұтынушылық сервистерді біріктіретін экожүйе қалыптастыруды жоспарлап отыр. Компания банк капиталы мен технологиялық инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржы салады.
«Банктің алдағы жылдардағы негізгі басымдығы оның капиталдық тұрақтылығын арттырып, технологиялық мүмкіндіктерін күшейту», - деді «Freedom Holding» басшысы Тимур Турлов.
«Turkish Bank» келісімі «Freedom Holding»-тің халықаралық нарықтағы қатысуын кеңейту стратегиясының бір бөлігі саналады. Компания банк арқылы Түркиядағы клиенттерге ұсынылатын қаржылық қызметтердің ауқымын ұлғайтуды көздейді.
Айта кетейік, Тимур Турлов Қазақстандағы ең ауқатты және ықпалды кәсіпкерлердің қатарында. Оның байлығы шамамен $5,2 миллиард деп бағаланады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61