ҚОҒАМ
Тамыз айында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Жаңартылған талаптар еңбек шарттарын рәсімдеуден бастап, еңбекті қорғау, тәртіптік жауапкершілік, кадрлық процестерді цифрландыру және киберқауіпсіздік мәселелерін қамтиды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
4 тамыздан бастап еңбек шарттарын жасасу және тоқтату тәртібіне, материалдық жауапты қызметкерлерді жұмыстан босатуға, міндетті медициналық тексерулерден өткізуге және тәртіптік жазаларды қолдану рәсіміне қатысты жаңа нормалар қолданысқа енгізілді.
13 тамыздан бастап жұмысқа қабылдау кезінде ескерілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер күшіне енеді. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында кадрлық процестерді цифрлық форматқа көшіруге бағытталған талаптар енгізіледі.
25 тамыздан бастап жұмыс берушілер қызметкерлерді ұйымның киберқауіпсіздік саласындағы ішкі талаптарымен таныстырып, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті болады.
Осыған байланысты жұмыс берушілерге кадрлық құжаттар мен ішкі нормативтік актілерді алдын ала қайта қарап, қажет болған жағдайда жаңарту ұсынылады. Сондай-ақ қызметкерлерді жұмыстан босату рәсімдерін, еңбекті қорғау жөніндегі құжаттарды және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ішкі тәртіптерді қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру маңызды.
Заңнамадағы өзгерістерді уақытылы орындау еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеуге, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тексеру барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61