ДЕНСАУЛЫҚ

Трамп кәмелетке толмағандарға гендерлік медициналық көмекті қаржыландыруды шектеді

АҚШ президенті Дональд Трамп кәмелетке толмағандарға жынысты өзгертуге байланысты хирургиялық операциялар мен гормондық емді мемлекеттік медициналық бағдарламалар арқылы қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Президент бұл шешімнің негізгі мақсаты - балаларға қайтымсыз медициналық араласулар жасалуын мемлекеттік қаражат есебінен қолдамау екенін атап өтті.
 
«Бүгін менің тапсырмам бойынша доктор Мехмет Оз Medicaid енді кәмелетке толмағандарға жыныс ауыстыру операциялары мен гормондық терапияны қаржыландырмайтынын хабарлады. Біз күнәсіз балалардың денесіне ауыр әрі қайтымсыз зиян келтіретін осындай операциялар мен тәжірибелерге ақша жұмсамаймыз», — деп жазды Трамп «Truth Social» желісінде.
 
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа талаптар жыныстық жетілуді тежейтін препараттарға, гормондық дәрілерге және хирургиялық операцияларға қатысты болады.
 
Жаңа ережелердің 13 қазаннан бастап қолданысқа енуі жоспарланған. Шешім АҚШ-та кәмелетке толмағандарға гендерлік медициналық көмек көрсету мәселесіне қатысты федералдық саясатты одан әрі қатаңдату бағытындағы қадам ретінде бағаланып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61