ҚОҒАМ
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент төлемдерін арнайы банк шоттарына аудару тәртібі күшіне енеді, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Әділет министрлігінің мәліметінше, қарыздар үшін шот бұғатталған жағдайда балалардың қаржысын қорғау мақсатында жаңа талаптар енгізіліп отыр.
Жаңа талапқа сәйкес, алимент алушы арнайы мақсаттағы банк шотын ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына ұсынуы қажет. Бұл шот алимент түрінде түсетін қаражатты қабылдауға арналған.
Шот деректері берілгенге дейін есептелген алимент сомалары алушыға аударылмайды. Дегенмен бұл жағдай алимент төлеушіні міндеттемеден босатпайды. Қарызды есептеу жалғаса береді. Арнайы шоттың реквизиттері ұсынылғаннан кейін осы уақыт аралығында жиналған қаражат толық көлемде аударылады.
Бұдан былай арнайы алимент шотындағы қаражатқа тыйым салуға және оны бұғаттауға жол берілмейді. Осы арқылы балаларды қамтамасыз етуге бағытталған төлемдердің сақталуы және олардың белгіленген мақсатқа жұмсалуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61