ҚОҒАМ

Украинаның КҚК-ға шабуылы аясында «Қазақстан-Қытай құбыры» мұнай тасымалы көлемін ұлғайтты

2026 жылдың алғашқы алты айында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бойынша оң динамика көрсетті. Компанияның магистральдық құбыр жүйесі арқылы 9,7 млн тоннадан астам мұнай жөнелтілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

2026 жылдың І жартыжылдығында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9 миллион 757 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 149 мың тоннаға, яғни 2%-ға жоғары.

Жалпы көлемнің 916 мың тоннасы экспортқа бағытталды. Осы бағыттағы тасымал көлемі бір жыл ішінде 277 мың тоннаға немесе 43%-ға артқан.

«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы есепті кезеңде 5 миллион 696 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 236 мың тоннаға немесе 4,3%-ға көп. Оның ішінде экспорттық жеткізілімдер 659 мың тоннаны құрап, жылдық мәнде 178 мың тоннаға немесе 37%-ға өсті.

Ал «Кеңқияқ – Құмкөл» бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 миллион 319 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы деңгейден 12 мың тоннаға жоғары. Құбыр арқылы экспортқа 258 мың тонна мұнай жөнелтіліп, көрсеткіш бір жылда 99 мың тоннаға немесе 63%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, 2026 жылдың І жартыжылдығында ҚҚҚ жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 8 миллиард 840 миллион тонна-километрді құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 257 миллион тонна-километрге немесе 3%-ға артқан.

Кезең қорытындысы бойынша компанияның мұнай тасымалы бағыттарының басым бөлігінде өндірістік көрсеткіштердің өскенін көрсетті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61